Филиппин мен Тайваньда «Рагас» тайфуны 10-нан астам адамның өмірін қиды
АСТАНА. KAZINFORM – «Рагас» супер тайфуны салдарынан Тайваньның шығысындағы таулы жердегі көл арнасынан шықты. Кемінде 14 адам қаза тауып, 18-і жарақат алды, 100-ден астамы із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ВВС.

Филиппин мен Тайваньда тайфун нөсер жауын, қатты жел әкелген тайфун мыңдаған адамды эвакуациялауға мәжбүр етті. «Рагаса» сонымен қатар Қытайдың оңтүстігіне, Гонконгқа, Макаоға және Вьетнамның солтүстігіне қауіп төндіріп тұр.
Хабарланғандай, сейсенбі күні Тайваньның Хуалянь уезінде көшкіннен көлдегі бөгет бұзылып, салдарынан жақын маңдағы Гуанфу қаласына су құйылып, көпірді қиратып, елді мекенді су астында қалды, ағаштар тамырымен жұлынды.
Жергілікті билік өкілі бастапқыда AFP агенттігіне құтқарушылар із-түзсіз жоғалған 30 адамды іздеп жатқанын хабарлаған. Кейінірек Ұлттық өрт сөндіру агенттігі 124 адамның із-түзсіз жоғалғанын нақтылады.
«Рагаса» тайфуны салдарынан бүкіл Тайваньда мыңдаған адам эвакуацияланды.
Гонконг халықаралық әуежайы сейсенбіден бейсенбіге дейін рейстерді тоқтатты. Жергілікті Cathay Pacific әуе компаниясы 500-ден астам рейсті тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұған дейін Тайваньда «Данас» тайфунының соққысы салдарынан екі адам қаза тауып, 500-ден астамы жарақат алғанын жазған едік.
Елдің ауыл шаруашылығына 2,5 млрд тайвань долларына (шамамен 85,5 млн АҚШ доллары) жуық залал келген.