Филиппин мұсылмандары автономия құрмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин президенті Бениньо Акино өткен аптада осы елдегі аз мұсылмандарға автономды облыс құру бағытында маңызды қадам жасады. Осыған байланысты әзірленген заң жобасы құрамында Моро ислами азат ету майданының (католиктердің қарасы көп Филиппиндегі мұсылмандардың негізгі көтерілісші тобы) өкілдері бар арнайы өтпелі комитетінен келіп түскен болатын, деп хабарлайды muslim.kz.
None
None

Аталмыш заң он мыңдаған жанның өмірін қиған он жылға созылған күресті бейбіт жолмен реттейтін процесс аясында автономды облыс құру барысын тездетуге мүмкіндік береді. Өткен айдың өзінде Моро ислами азат ету майданы Азиядағы ұзаққа созылған әрі талай жанның өмірін жалмаған жанжалға нүкте қоюға мүмкіндік беретін елеулі құжатқа қол қойды.

Десе де, христиан саясаткерлері бұл заң жобасына қарсылық білдіріп отырғанын айта кету керек. Ал мұсылман жақтаушылары Филиппиннің оңтүстігінде тәуелсіз ислам мемлекетін құру бағытындағы күресті тоқтатпайтындарын мәлімдеді. Заң жүзінде бекітілмесе, автономды облыстың болмайтыны бесенеден белгілі. Алайда, ел президенті осынау шетін мәселе бойынша конгресте көпшіліктің қолдауына ие болатынына тағы кепілдік жоқ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум