15:40, 25 Тамыз 2010 | GMT +5
Филиппин полициясы кепілдегілерді босату операциясы кезінде өрескел қателік жібергендерін мойындады
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Филиппин полициясының басшылығы, Манилде басып алған кепілдегілерді босату операциясы кезінде өрескел қателікке жол берілгенін мойындады, деп хабарлайды Лента.Ру.

«Операцияға дайындалу және оны өткізу барысындағы кемшіліктер көрініп тұр», - деді сейсенбі, тамыздың 24-інде Манила полициясының басшысы Леокадио Сантьяго (Leocadio Santiago), сондай-ақ, ол орын алған барлық жағдайлар жан-жақты тексеріледі деп атап өтті.
Филиппин ІІМ басшысы: «Егер біздер жақсы дайындалған, жақсы жарақтанған болсақ, онда кепілге алудың қандай күрделі жағдайында да біздер оны анағұрлым жылдам шешкен болар едік», деп мәлімдеді.
Филиппин құқық қорғау органының кепілдегілерді босату кезіндегі жүргізген әрекетін Гонконг және Қытай үкіметі қатты сынға алды. Ал, Филиппин полициясының басшылығы болса, кепілдегілердің оққа ұшқандары белгілі болысымен, оқиғаны тікелей эфирден көрсеткені үшін телеарнаны кінәлады.