19:33, 04 Сәуір 2023 | GMT +5
Филиппинде 6,2 магнитудасымен жер сілкінді
МАНИЛА. ҚазАқпарат – Филиппин жағалауында 4 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 20:54-те (Астана уақытымен 18:54) жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология институтына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуі Филиппин аралдары аймағында тіркелді. Магнитудасы – 6,2, тереңдігі – 46 км.
Эпицентрі 179 мың халқы бар Легаспи қаласынан шығысқа қарай 190 км жерде, 4 мың тұрғыны бар Вига қаласынан 118 км жерде орналасқан.