00:22, 04 Мамыр 2024 | GMT +5
Филиппинде 6 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM - Жұма күні Филиппиннің орталығындағы Лейте провинциясында 6,0 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Синьхуа жазды.

Филиппиннің сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 18:16-да жағалаудағы Дулаг қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырымдай жерде болды. Гипоцентр 8 км тереңдікте болған.
Жерасты дүмпуі провинцияның басқа аймақтарында да сезілді.
Филиппин Тынық мұхитының «өрт сақинасы» бойында орналасқандықтан елде сейсмикалық белсенділік жоғары екені байқалады.