Филиппинде 6 балдық жер сілкінісі болды

Филиппин
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM - Жұма күні Филиппиннің орталығындағы Лейте провинциясында 6,0 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы  Синьхуа жазды.

Филиппиннің сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 18:16-да жағалаудағы Дулаг қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырымдай жерде болды. Гипоцентр 8 км тереңдікте болған.

Жерасты дүмпуі провинцияның басқа аймақтарында да сезілді.

Филиппин Тынық мұхитының «өрт сақинасы» бойында орналасқандықтан елде сейсмикалық белсенділік жоғары екені байқалады.

Соңғы жаңалықтар
telegram