Филиппинде 7,1 балл қуатымен жер сілкінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Филиппинде Рихтер шкаласы бойынша 7,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Филиппинде 7,1 балл қуатымен жер сілкінді

АҚШ Геология стансасының мәліметінше, жерасты дүмпулерінің ошағы Пундагитан ауданында орналасқан.

Жер сілкінісі жағалаудағы Мати қаласынан 80 шақырым жерде тіркелді.

Оның тереңдігі - 65,6 шақырым.

Елде цунами қаупі жарияланды.