Филиппинде 7 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің орталық бөлігінде магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғи апаттан бір адам қаза тапқан. Тағы бірнешеуі жараланды.
Зілзаладан Лейте аралындағы Кананга мен Яро қалалары қатты зардап шеккен. Мұнда үйлердің қабырғасы сөгіліп, кейбіреуі қираған. Сонымен қатар, жолдар жарылып кеткен.
Табиғи апатқа байланысты шаһар электр жарығынан ажыратылды. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметіне қарағанда дүмпу ошағы ел астанасы Маниланың оңтүстік батысынан 580 шақырым қашықтықта болған. Қазір апат аймағына құтқарушылар келіп, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.