Филиппинде салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлап, адамдар мерт болды
АСТАНА. KAZINFORM - Филиппиннің Анхелес қаласында құрылысы жүріп жатқан көпқабатты ғимарат құлады, деп хабарлайды ALJazeera.
Қазіргі таңда 4 адамның мерт болғаны белгілі, тағы 17 адам із-түзсіз кеткендер қатарында.
Құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Кез-келген уақытта ғимараттың қалған бөліктері құлауы мүмкін. Сол себепті мамандар жұмыстың көбін қолмен атқарып жатыр.
Тепловизорлардың көмегімен қирандылар астында адамдар жатқаны белгілі болды. Соған қарай іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Билік нысан иесін анықтап, апаттың шығу себептерін тексеруге кірісті. Ал құрылысшылардың туыстары жедел ақпарат беруді талап етіп отыр. Алайда құтқарушылардың қауіпсіздігіне төнген қатер іздеу жұмыстарын баяулатып отыр.
Осыған дейін Қытайда шахта апат болып, 82 адам қаза болғанын жаздық.