Филиппиндегі дүлей дауылдан 8 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Жексенбі күні Филиппинге жеткен «Фэншэн» тропикалық дауылынан 8 адам көз жұмып, 2 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Филиппиндегі дүлей дауылдан 8 адам қаза тапты
Фото: x.com/Attaullahkhogya

Маниланың оңтүстік-шығысындағы Кесон провинциясындағы Питого муниципалитетінде ағаш құлап, 5 адам қаза тапты. Елдің орталық бөлігіндегі Батыс Висаяс аймағында тағы 3 адам опат болды. Бұл туралы Филиппиннің азаматтық қорғаныс агенттігі жазды. 

— Елдің оңтүстігіндегі Букиднон провинциясындағы Кесон муниципалитетіндегі көшкіннен кейін із-түзсіз жоғалған екі адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлады Дж.Кастильо. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Филиппинде цунами қаупі туралы ескерту жарияланғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар