Филиппиндегі алапат тайфун: 100 мың адам көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдар үшін қауіпті «Нок-тен» тайфуны жексенбі күні Филиппиннің шығыс бөлігін қиратып кетті, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі. Бұл аумақтың тұрғындарын көшіру сенбі күні басталған еді.

Филиппиндегі алапат тайфун: 100 мың адам көшірілді

Бикольск аймағындағы Катандуанес аралы арқылы ұйтқи соққан дауылдың жылдамдығы сағатына 235 шақырымды құрады (секундына 70 метр), деп жазады РИА Новости.

Билік әзірге табиғи апаттың келтірген зияны жөнінде хабарлаған жоқ. Сенбі күні әскери және жергілікті әкімшілік Бикольск жарты аралындағы Катандуанестің жағалауға жақын аудандарынан, сондай-ақ өзге де жерлерден 100 мыңнан астам адамның эвакуацияланғаны жайлы мәлімдеді.