Филиппиннің солтүстігінде 5,7 балдық жер сілкінісі болды

МАНИЛА. Синьхуа - ҚазАқпарат - Филиппиннің солтүстігіндегі Батанес провинциясында жексенбі күні таңертең магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Филиппиннің солтүстігінде 5,7 балдық жер сілкінісі болды
Фото: Anadolu Agency

Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:43-те Сабтанг қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 38 шақырымдай жерде 10 шақырым тереңдікте тіркелді. Жер сілкінісі Илокос Норте провинциясында да сезілді.

Институт жер сілкінісінің афтер сілкіністерді тудыратынын, бірақ зиян келтірмейтінін айтты.

Филиппин Тынық мұхитындағы «От сақинасының» бойында орналасқандықтан, елде сейсмикалық белсенділік жоғары.