Филиппиннің экс-президенті алғаш рет халықаралық сот алдына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Дутерте алғашқы сот отырысына видеобайланыс арқылы қатысты. Оны халықаралық қылмыстық сотқа Филиппин Үкіметі тапсырған, деп жазады ВВС.

Оның адвокаты 79 жастағы саясаткердің науқас екенін және отырысқа қатыса алмайтынын айтты. Алайда судьяның айтуынша, сот дәрігері Дутертенің физикалық және психикалық жағдайы оған процеске толық қатысуға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.
Дутерте президент кезінде өз еліндегі сотсыз адам өлтіру науқаны үшін адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталған.
Есірткіге қарсы жариялаған соғыстың бір бөлігі ретінде президент күштері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деп есептеген адамдарды сотсыз өлтірді. Түрлі мәліметтер бойынша 7 мыңнан 30 мыңға дейін адам қаза тапты.
Родриго Дутерте сейсенбі, наурыздың 11-і күні Халықаралық қылмыстық соттың санкциясы бойынша Манила халықаралық әуежайына қонғаннан кейін қамауға алынды. Сол жерден оны Нидерландқа алып кетті.