Филологтар Оралда бас қосты

ОРАЛ. 4 маусым. ҚазАқпарат - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстанда филологиялық білім беруді дамытудың негізгі бағыттары» атты аймақтық семинар өтті.
None
None

Бұл семинар Астана қаласында дәл осындай тақырыппен өткен ҚР Филологтары съезіндегі шешімдерді жүзеге асыру, онда айтылған мәселелерді ба­тысқазақстандық филологтарға жеткізу және пікір алмасу мақсатында өткізілді.

Семинарда Филологтар съезінің де­легаттары БҚМУ-дың қазақ филоло­гия­сы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының канди­даты Зейнолла Мүтиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік уни­верситетінің орыс филологиясы кафе­дра­сының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Сәуле Дүтбаева, Батыс Қа­зақстан гуманитарлық академиясының проректоры, ф.ғ.д. Мұрат Сабыр съезде көтерілген мәселелер жайлы баяндама жасады.

Сондай-ақ БҚМУ-дың филология факультетінің деканы, п.ғ.к. Қар­лыға Өтегенова филологиялық жоғары білімнің жаңа форматы, БҚМУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Ғабит Хасанов латын әліпбиіне көшудің қиындығы мен тиімділігі, аталмыш оқу орнының шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы Индира Касимова мектептерде ерте жастан ағылшын тілін оқыту әдістеме­сіндегі өзекті әдістер жайлы ойларымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар