Фин ғалымдары ұлысаралық төзімділіктің қазақстандық моделімен танысты

АСТАНА.  Қыркүйектің  2-сі. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Ұлттық академиялық  кітапханада   Қазақстан  халқы Ассамблеясы өкілдерінің  фин ғалымдарымен  кездесуі  өтті.
None
None

Қонақтар  делегациясын  Хельсинки  университетінің Ресейдегі  және   Шығыс Еуропадағы  үдерістерді  зерттеу  жөніндегі  директоры  Арто  Пекка Луукканен бастап  келді.

Қазақстандық тараптың атынан  кездесуге   Парламент  Мәжілісінің   депутаттары,   Ассамблея  Хатшылығының, Президент Әкімшілігінің, «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  қоры»  қоғамдық қорының  өкілдері,    ғалымдар мен  журналистер  қатысты.

Шара   Финляндияда  Қазақстан туралы   бірегей кітап басылымын әзірлеу     мәселесіне арналды.  Диалог барысында  қонақтар    отандық ұлттық саясатты жүргізудің  негізгі  тетіктерімен,     ЕҚЫҰ  құрылымдарымен    арадағы  ынтымақтастық тәжірибесімен  танысты.

Қонақтарға    Қазақстан  халқы Ассамблеясының  қызметін таныстыратын    «Қазақстан - жүрегім менің» деректі фильмі көрсетілді.  Кездесу   қорытындысы  бойынша, финдер ұлысаралық    ынтымақтастықтың   қазақстандық моделінің     оң  тәжірибесін  және   республикада тұрып жатқан  адамдардың    құқықтарын қорғауды қамтамасыз  ету  мәселелеріндегі  жетістіктерді атап  өтті.

Соңғы жаңалықтар