18:17, 04 Қазан 2012 | GMT +5
Фин компаниялары Қазақстанға өздерінің экспортын арттыруға ниетті - А. Стубб
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Фин елінің компаниялары Қазақстанға өздерінің экспортын арттыруға ниетті. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Фин бизнес-форумында Финляндияның Еуропалық Одақ және сыртқы сауда істері жөніндегі министрі Александр Стубб мәлім етті.

«Мен өзіммен бірге Қазақстанға еліміздің 55 компаниясының өкілдерін ала келдім. Бұл Финляндияның Қазақстанға келіп отырған ең ірі бизнес-делегациясы болып табылады. Осы бизнес-форум өзара байланысты нығайтуға септігін тигізіп, қызмет ауқымын кеңейтуге жол ашады деп ойлаймын. Біздің компаниялар Қазақстанға өздерінің экспортын артыруға ниетті», - деді жиын барысында министр А.Струбб.
Оның айтуынша, Финляндияның жалпы ішкі өнімінің 40 пайызы экспортқа негізделген. Ал Қазақстанға фин экспорты мөлшерінің бар-жоғы 0,5 пайызы тиесілі екен.