Финалда айқасатын «Астана арландары» мен кубалықтардың салмағы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясының 7-ші маусымының шешуші айқастары өтеді. Шаршы алаңда «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» кездесетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бүгін елордада Қазақстан мен Куба командалары боксшыларының салмақ өлшеу рәсімі өтті. Оның нәтижелері келесідей:  Теміртас Жүсіпов 48,86 келі - Йоханус Аргилагос 48,8 келі; Олжас Сәттібаев 51,8 - Йосбани Вейтиа Сото 51,4; Ілияс Сүлейменов 55,76 - Хавьер Ибаньес 55,7; Зәкір Сафиуллин 60 - Лазаро Альварес 59,66; Ділмұрат Мижитов 63,9 - Энди Круз 63,3; Асланбек Шымбергенов 69 - Р.Иглесиос Сотолонго 68,55; Әлімхан Аманқұл 75 - Арлен Лопес 74,4; Арман Рысбек 80,5 - Хулио Сезар Ла Крус 80,65; Антон Пинчук 90,25 - Эрисланди Савон 90,2; Олжас Боқаев 100,3 - Йоандри Тоирак 113,5.

Финалды кездесудің нәтижесінде командалар 5:5 есебімен тең түссе, 52 келідегі  боксшылар қолғап түйістіретін болады. Бұл салмақта шаршы алаңға шығатын Олжас Байнизовтың салмағы 51,940 келі болса, қарсыласы Фрэнк Залдивардың салмағы 51,82 келі болды.

Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана арландары» 2012/2013 жылдары және 2015 жылы екі рет чемпиондық атаққа қол жеткізген болса, «Куба қабылдандары» да 2013/2014 жылдары және 2016 жылы жеңімпаз атанды.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар