Финляндия азаматтық туралы заңды күшейтеді

АСТАНА. KAZINFORM —  2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап Финляндияда азаматтық алуға қойылатын талаптарды едәуір күшейтетін жаңа заң күшіне енеді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Финляндия азаматтық туралы заңды күшейтеді
Фото: АЗЕРТАДЖ

Мемлекет басшысы Александр Стубб «Ұлттық коалиция» партиясы басқаратын үкімет әзірлеген түзетулерді бекітті.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, азаматтыққа өтініш берушілердің тұрақты табысы болуы міндетті. Жұмыссыздық немесе әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар фин азаматтығына үміткер бола алмайды. Егер соңғы екі жылда үміткер үш айдан астам уақыт бойы мұндай көмек алған болса, оның өтініші қабылданбайды.

Сондай-ақ, заңда мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделеріне қауіп төндіретін қылмыстар — терроризм, опасыздық және мемлекетке опасыздық секілді әрекеттер үшін азаматтықтан айыру мүмкіндігі көзделген. Қос азаматтығы бар тұлғалар үшін азаматтықтан айыруға негіз болатын жаза мерзімі бес жылдан екі жылға дейін қысқартылды. Бұған қоса, жалған ақпарат бергендер де азаматтықтан айырылуы мүмкін.

Бұл шаралар 2023 жылы басталған көші-қон саясатын реформалаудың бір бөлігі. Бұған дейін Финляндия парламенті азаматтық алу үшін елде тұру мерзімін бес жылдан сегіз жылға дейін ұзартқан еді.

Жаңашылдықтар Хельсинкиде наразылықтар мен жаппай демонстрацияларға себеп болды.

Айта кетелік Финляндияда жұмыссыздық көбейіп баратыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар