Финляндия, Дания: әлемдегі ең бақытты елдердің тізімі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM - Финляндия сегізінші жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты ел болып танылды. Тиісті тізімде Дания екінші, Исландия үшінші орынға жайғасты, деп хабарлайды rbk.ru.

2023 жылдағыдай, өткен жылы да үздік үш орын өзгеріссіз қалды. Алғашқы ондыққа Швеция, Нидерланды, Коста-Рика, Норвегия, Израиль, Люксембург және Мексика енді.
Әлемдегі ең қуатты мемлекет саналатын АҚШ небәрі 24-орында тұр. Ауғанстан — қазіргі уақытта жер бетіндегі ең бақытсыз ел. Төменгі қатарда Сьерра-Леоне, Ливан, Малави, Зимбабве, Ботсвана, Конго Демократиялық Республикасы және Йемен елдері бар.
Ең бақытты елдердің рейтингі алғаш рет 2012 жылы жарияланды. Бұл зерттеуде әл-ауқатты қамтамасыз ететін алты негізгі фактор ескеріледі: әлеуметтік қолдау, табыс, денсаулық, еркіндік, жомарттық және сыбайлас жемқорлықтың болмауы. Үкіметтер бұл талдауды бақыт саясатының бағыттарын анықтау үшін пайдаланады. Нәтиже дәстүрлі түрде 20 наурыз — Халықаралық бақыт күнінде жарияланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ең бақытты елдер рейтингінде Қазақстан қай орында тұрғанын жазған едік.