Финляндия – Қазақстан матчын қайдан көруге болады

Ертең, 17 қазанда Хельсинкиде футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчы өтеді. Финляндия өз алаңында Қазақстан құрамасын қабылдайды. Kazinform бұл туралы  Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Финляндия – Қазақстан матчын қайдан көруге болады
Фото: Sports.kz.

Финляндия – Қазақстан матчының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен 22:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Жеті ойыннан кейін Қазақстан мен Финляндия құрамаларында 12 ұпайдан бар. Финляндия үшінші орында тұрса, Қазақстан төртінші қатарда келе жатыр (финляндиялықтар қосымша көрсеткіштің арқасында бізден алда). Еуро-2024 кейінгі іріктеу матчында Қазақстан сырт алаңда Дания құрамасына есе жіберді – 1:3, ал Финляндияны сырт алаңда Словения ойыншылары ойсырата жеңді – 0:3.

Соңғы жаңалықтар