03:26, 29 Шілде 2019 | GMT +5
Финляндияда 175 жыл болмаған аптап ыстық тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Финляндияда ертеден келе жатқан, елдің астанасында орналасқан метеорологиялық стансасы жексенбі күні ауа райын бақылау тарихында болмаған ең жоғары температура – 31,8 градус ыстықты тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Финляндия Метеорология институтына сілтеме жасап.

Бұл - 175 жылдың ішіндегі ең ыстық күн.
«Финляндияның ескі – Хельсинкиде 175-жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Кайсаниеми метеостанциясы өз тарихындағы ең жоғары температура - 31,8 ° C тіркеді. Бұдан бұрынғы рекорд 1945 жылы (31,6 ° C)» болған еді, - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамы бойынша, таяу тәуліктерде Финляндия мен Хельсинкиде ауа ағындарының араласуы әсерінен күннің салқындауы күтілуде.