Финляндияда алғашқы жүргізушісіз автобус іске қосылды

АСТАНА.KAZINFORM - Финляндияның Тампере қаласында жүргізушісіз электр автобусы іске қосылды, деп хабарлайды Синхуа.

Финляндия запустила первый беспилотный автобус
Фото: Yle

Бұл - Финляндияның тұрақты қоғамдық көлік жүйесіне автономды көліктің алғаш рет енгізілуі.

Тампере қаласының билігі бағыттың Хервантажярви және Линтухитти аудандары арасында жұмыс істейтінін, қаланың трамвай желісіне қосымша бағыт беретінін хабарлады.

Тамперенің «Ақылды қаланы» дамыту мақсаттарының бөлігі ретінде бұл бағыт бойынша 2022 жылы роботты автобус сынақтан өткізілген.

Алдыңғы сынақтардан айырмашылығы, жолаушылар енді қызметті пайдалану үшін ақы төлейді. Бастапқыда автобуста жүргізуші-көмекші болады, бірақ келесі көктемде автобус қашықтан басқару орталығы арқылы толық жүргізушісіз режимге көшеді.

Қала шенеуніктерінің айтуынша, роботты автобустан басқа, бағыт бойынша жүргізушісі бар кәдімгі микроавтобус жұмыс істейді, оны қызмет көрсету үзілістері кезінде немесе роботты автобус зарядталып жатқанда ауыстыру ретінде пайдалануға болады.

Бұған дейін Нидерланд өзінің алғашқы жүргізушісіз автобусын сынақтан өткізіп жатқаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар