Финляндияда Қазақстанның Тәуелсіздігі күні аталып өтті
Қазақстанның Елшілігімен ұйымдастырылған салтанатты қабылдауда елімізбен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп отырған финдік саяси және бизнес элитасының өкілдері жиналды. Олардың арасында Парламент депутаттары, соның ішінде Қазақстанмен достық парламенттік тобы, Хельсинкиде тіркелген дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, қоғамдық-саяси және іскерлік топтардың өкілдері, сондай-ақ Финляндияда оқып жүрген қазақстандық студенттер болды.
Қазақстанның Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев өзінің сөзінде Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы жаңа экономикалық саясаты туралы мәлімдеді. Ол оның елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтіп, «Қазақстан-2050» Стратегиясын дамыту шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгіледі.
Қабылдаудың салтанаттылығын екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлестері үшін фин қоғамының өкілдерін марапаттау рәсімі ерекше мән берді. Фин әріптестері өз сөздерінде Қазақстанның басшылығына алғысын білдіріп, бүкіл халыққа табыс пен амандық тіледі.
Кештің басында қойылған қазақтың ұлттық әуендері «Эстония» ұлттық операсы квартетінің орындауындағы классикалық еуропалық шығармалармен алмастырылды. Қонақтар қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татты.
Фин оқырмандарына Қазақстан туралы кітаптар мен фотоальбомдар, Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының ағылшын тіліндегі кітапшалары және басқа да имидждік материалдар ұсынылды. Осы күні ағылшын тіліндегі «The Helsinki Times» газетінде Қазақстанға арналған арнайы шығарылым жарияланды.