Финляндияда жұмыссыздық көбейіп барады

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың тамызында Финляндияда жұмыспен қамтылғандар азайып, жұмыссыздар көбейді, деп хабарлайды AZƏRTAC.

Финляндияда жұмыссыздық көбейіп барады
Фото: AZƏRTAC

Елдің Статистика басқармасының деректеріне сәйкес, тамыз айында жұмыссыздар саны 53 мыңға өсіп, 267 мың адамға жетті.

20-64 жас аралығындағы адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі 76,2%. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа төмен.

15-74 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7,5%-дан 9,3%-ға өсті.

Ал 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық 16,6%, бұл былтырғы көрсеткіштен 3,6 пайыздық тармаққа жоғары. 

Айта кетелік жыл басынан Қытайда жұмыссыздық деңгейі 5,2% болған

Соңғы жаңалықтар