Финляндиядағы апат: Әуеде екі тікұшақ соқтығысып, апатқа ұшырады

АСТАНА. KAZINFORM — Сенбі күні Финляндияның Сатакунта аймағында екі тікұшақ әуеде соқтығысып, апатқа ұшырады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

На юге Турции разбился полицейский вертолет, оба пилота погибли
Фото: Анадолы

Екі тікұшақ та Таллиннен ұшып шыққан. 

Iltalehti дерегінше, оқиға түстен кейін тіркеліп, құтқару операциясы басталған. Құтқару қызметтері мәлім еткендей, екі тікұшақ та жерге құлаған. Оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр, ал БАҚ өкілдеріне кіруге шектеу қойылған.

Helsingin Sanomat басылымының ақпаратына сәйкес, тікұшақтардың бірі Аустрияда тіркелген (Robinson R-44 Raven моделі), екіншісі Эстонияға тиесілі, бірақ моделі белгісіз. Өз кезегінде Таллин әуежайы бұл тікұшақтардың өз аумағынан ұшпағанын мәлімдеді.

Финляндияның әуе диспетчерлік қызметі екі тікұшақтың Таллиннен ұшып шығып, 300 метр биіктікте қатар ұшқанын хабарлады. Олар бұл биіктікте ұзақ уақыт бойы ұшқан. Сол себепті қону кезінде соқтығысу мүмкіндігін жоққа шығарылады.

Финляндия қорғаныс күштері оқиғаның әскери техникамен байланысы жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Финляндияда бензин бағасы рекордтық деңгейге дейін төмендегені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар