Финляндиядағы парламент сайлауы: Санна Марин консерваторлардан жеңіліп қалды
Бюллетеньдердің төрттен үш бөлігін санау қорытындысы бойынша Петтери Орпо ұлттық коалициясы 20,9%, «Финдер» оңшыл партиясы 20,4%, социал-демократтар 19,6% дауыс жинады.
YLE моделі сенімді саналады және Орпо бастаған консерваторлар парламентте ең көп орын алады деп болжап отыр.
Ол өзінің жеңісін жариялап үлгерді. Көп ұзамай Марин де жеңілгенін мойындады.
Сайлау қорытындысы сәрсенбі, 5 сәуірде белгілі болады.
Егер түпкілікті нәтиже қатты өзгермесе, бірде-бір партия үкіметті өз бетінше құра алмайды және өзіне коалиция серіктестерін іздеуге мәжбүр болады.
Жеңімпаз партия мұндай коалицияны бірінші болып жинауға тырысуы мүмкін.
Сайлау нәтижесі Финляндияның НАТО-ға кіруіне әсер етуі екіталай: процесс іс жүзінде аяқталды және оны елдің барлық негізгі саяси күштері қолдады.
Сайлау науқанының басты тақырыбы - елдің мемлекеттік қарызы болды.
Санна Марин төрт жыл бұрын әлемдегі ең жас премьер-министр болды.
Қоғамдық сауалнамада оның жеке рейтингі әлі де жоғары, дегенмен желіде түнгі клуб кешінің видеосы пайда болғаннан бері біршама төмендеді, содан кейін ол тіпті қанында есірткі жоқ екенін растау үшін тест тапсыруға мәжбүр болды.
Орпо Финляндияның 200 орындық парламентінде көпшілік дауысқа ие болу үшін барлық партиялармен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты, ал Марин «финдермен» емес, Орпомен коалицияға кіре алатынын атап өтті.
Үкіметті құру үшін коалициядан 100-ден астам орынға ие болу қажет.
Бұған дейін Финляндияда парламент сайлауында дауыс беру басталғанын хабарлаған болатынбыз.