Финляндияның экс-президенті үйсіз-күйсіз жанға айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның бұрынғы президенті Тарья Халонен Хельсинки көшелерінде баспанасыз жанның кейпіне енді.

Финляндияның экс-президенті үйсіз-күйсіз жанға айналды

Саясаткер «Құтқару армиясы» ұйымдастырған кедейшілікпен күрес науқаны аясында осындай қадамға барды.

Бұл акцияның мақсаты - бақытсыздыққа кез келген адамның ұшырауы мүмкін екендігін көрсету,  сондай-ақ азаматтарды қайғыға ұшырағандарға немқұрайлы қарамауға шақыру.

Фотограф Антон Суксдорфф түсірген суретте  Халонен басқышта отыр.

«Оның көзінен шарасыздықты көруге болады, ал киімі - ескі әрі лас.

Мен мұндай болатындығын күтпеген едім. Ол осы жағдайға орай өз  рөлін тамаша орындады. Біз тиісті кадрларды 20 минуттың ішінде түсіріп шықтық»,-дейді фотограф.

Қайырымдылық шарасына  Rovio ойын компаниясының  арқасында (Angry Birds құрушы) танымал болған кәсіпкер Петер Вестербак та қатысуда.

Айта кеткен жөн, Халонен  2000 -2012 жылдар аралығында Финляндия Президенті болды.  Президенттік лауазымынан кейін ол әлеуметтік жобаларға белсенді қатыса бастады.

Мысалы, 2015 жылы Таяу Шығыстан босқындарды әкелген кезде Хельсинки вокзалына  келіп, жергілікті Қызыл Крест бөлімшесі үшін қаражат жинаған.