Фирма менеджеріне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Ақтауда жергілікті үш тұрғын қамауға алынды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат -Криминалдық полиция қызметкерлері Ақтау қаласында жергілікті үш тұрғынды қамауға алды, олар ұялы телефон сататын фирманың 26 жастағы менеджерін өлтіруге қастандық жасаған.
None
None

ҚР ІІМ мәліметіне қарағанда, қазан айының басында сағат шамамен 15.00-де Ақтау қаласы ІІБ кезекші бөліміне жәбірленуші мен оның әріптесі отырған «ВАЗ-2104» автокөлігіне қарақшылық шабуыл жасалғаны хабарланады. Күдіктілер жәбірленушіден ЖШС-нің 6 млн. теңгеден астам қаржысы бар сөмкені ұрлап кетеді. Жәбірленушілер әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізіледі. Оқиға болған жерден травматикалық қарудың 2 патроны тәркіленді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдіктілердің «Опель-Калибра»  автокөлігінде жасырынғаны анықталды.

Шамамен сағат 17:00-де зауыттың  күзетшісі автокөліктің өртеніп жатқаны туралы телефон арқылы хабарлайды. Ақпаратты тексеру кезінде автокөліктің күдіктілерге тиесілі екені белгілі болады. Қазіргі уақытта күдіктілер құрықталды, тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар