20:19, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Фируза Шарипова Гонтарюкпен көз түйістіруге кешкі көйлек киіп шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгиялық боксшы Джемилла Гонтарюкпен болатын жекпе-жектің алдында Фируза Шарипова фотосет өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарсыласымен бетпе-бет тұрып көз түйістірген қазақстандық боксшы қыз жанарын еш тайдырған жоқ. Кездесуге әдемі шаш үлгісін жасатып, керемет көйлек киіп келген ол қыздар арасындағы кәсіпқой бокстың хас сұлуы деген атқа лайық екенін дәлелдегендей.
Бұған дейін хабарланғандай Allfight.ru. порталы ең сұлу боксшы қыздар рейтингін жариялаған болатын.
Джемилла Гонтарюк пен Фируза Шарипова арасындағы жекпе-жек 30 желтоқсан күні Алматыда өтеді.