Фируза Шәріпова IBO титулы үшін жұдырықтасады

«Алматы-Аренадағы» кештің басты кездесуі кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова мен бельгиялық Джемилла Гонтарюк арасында болады. Олар IBO және WBS Silver белбеулерін сарапқа салады. Жекпе-жек 10 раундқа созылады. Әуесқой бокста жүріп біршама жетістікке жеткен Фируза кәсіпқой бокста да қарсылас шыдатар емес. Әлі жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген жерлесіміз ертең де жеңіске жетеріне сенімді.
Кеше спортшылар бір топ жанкүйерлер алдында ашық жаттығу өткізсе, бүгін салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Шәріпова қарсыласынан сәл ауырлау көрінді. Естеріңізге сала кетейік, дәл осы күні Әли Ахмедов пен Ержан Залилов және Айдын Елжановтар кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жектерін өткізсе, Махир Мамедов секілді Алаш-Прайд спорт клубының жігіттері де аралас жекпе-жекте бақ сынайды.