21:59, 28 Шілде 2022 | GMT +5
Фируза Шәріпова ММА-дегі дебюті алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бокстан жеңіл салмақта IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріпова 29 шілде күні Алматыда Octagon 33 турнирінде ММА-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы аралас жекпе-жек спортшысы, 18 жастағы ресейлік Карина Оңдасынова болмақ. Ресейліктің MMA-дегі рекорды – 2-0.
Жекпе-жек қарсаңында спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты.
Өткен жылдың желтоқсан айында Фируза Шәріпова WBA, IBF, WBO, WBC және The Ring нұсқалары бойынша белбеулер үшін болған титулдық жекпе-жекте ирландиялық Кэти Тейлордан жеңіліп қалды.
Фото: sports.kz