FISU-дың бас хатшысы Алматыға келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) бас хатшысы Эрик Сайнтронд Алматыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

FISU басшысын әуежайда Универсиада-2017-ні ұйымдастыру комитетінің өкілдері мен Қазақстанның Ұлттық студенттік спорт федерациясының басшылығы қарсы алды. Мәртебелі мейманның құрметіне орай қазақ дәстүріне сай шашу шашылып, Алматының алмасы тарту етілді. Эрик Сайнтронд қазақстандықтардың айрықша қонақжайлығын атап өтіп, Универсиадаға келетін барлық шетелдік делегациялардың қазақстандық тараптың жылы қабылдауына таң қаларлығына сенімді екендігін атап өтті.

Ол 2007 жылдан бері федерацияның бас хатшысы қызметін атқарып келеді. Алматыда қысқы Универсиада өткізуге дайындық барысында Сайнтронд оңтүстік астанаға келіп, бірнеше мәрте спорттық нысандарды аралаған болатын. FISU-дің бас хатшысы Универсиада-2017-нің ашылу салтанаты қарсаңында федерация атқарушы комитетінің отырысын өткізуге және бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге келіп отыр.

Эрик Сайнтронд кез келген ел үшін қысқы Универсиада өткізу қиындықтарын айтты. Олардың қатарында қысқы Универсиада нысандарына қойлатын жоғары техникалық талап пен спорт нысандардың бір-бірінен алшақ орналасуы бар.

Соңғы жаңалықтар