Флорида маңында мұхит түбінен алып пирамидалар табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатының жағалауларына жақын маңда, мұхит түбінен екі алып пирамида табылды. Google Maps және Google Earth сервистерінен алынған суреттерге қарап уфологтар осылай айтуда.

Флорида маңында мұхит түбінен алып пирамидалар табылды

secureteam10 Youtube-арнасында осы жаңалық жайлы бейнебаян жарияланды, деп жазады Sun. Көп уақыттан бері әртүрлі ғажап құбылыстарды зерттеп жүрген Скотт есімді уфолог алып пирамидалар Нью-Провиденс аралының жанында, су астында жатқанын айтады.

Оның сөзіне қарағанда, пирамидалар анық көрініп тұр. Пирамидалардың болуы бұл төңіректі ежелден  адамдар мекендегенін, тіпті ацтектер өркениеті болуы мүмкіндігін көрсетеді.