Fly Arystan ұшағының Алматыға шұғыл қонуының себебі айтылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының Алматыға қону себебі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ресми жауапта көрсетілгендей, ұшақ қолайсыз метеоахуалдан соң бағытын өзгертуге мәжбүр болған.

«19 ақпанда Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы FlyArystan әуе компаниясының КС7325 әуе рейсі желдің қатты соғуынан бағытын бұрып, запастағы әуежайға қонуға мәжбүр болған. Ұшақ Алматыға 8.11-де штаттық режимде қонған. Одан кейін 10:30-да әуеге көтеріліп, 11:49-да Шымкент әуежайына қонды», - деді әуе компаниясынан.


Соңғы жаңалықтар