FlyArystan екі A320ceo ұшағын жалға алмақ

FlyArystan
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Эйр Астана» әуе компаниясы Pratt&Whitney компаниясымен өтеақы туралы келісімге келді.

«Табысы мен флоты бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы əуе компаниялардың ең ірі тобы – «Эйр Астана» акционерлік қоғамы Pratt&Whitney компаниясымен GTF neo қозғалтқыштарының қолжетімділігіне қатысты топ қызметіне əсер еткен мəселелер бойынша өтемақы жəне басқа да қолдау алу туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды. Топтың Pratt & Whitney-мен келісімі, оның ішінде ұзақмерзімді техникалық қызмет көрсету келісімшарттары шығындар мəселесін шешуге көмектеседі жəне осы мəселелерді тұрақты шешуге бағытталған топтың сенімді операциялық бастамаларының ауқымын толықтырады», - делінген компания таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар «Эйр Астана» IAE компаниясымен алтыншы қосалқы PW1100 қозғалтқышын сатып алу туралы келісімге отырған. Бұл қозғалтқышты жеткізу топтың қозғалтқыш ақауларын азайту жоспарына сəйкес 2024 жылдың сəуір айына жоспарланған.

«FlyArystan әуе кемелері паркін дамытудың бұрын жарияланған жоспарына қосымша 2025 жылдың бірінші тоқсанында жеткізу шартымен екі A320ceo ұшағын жалға алу туралы келісімге отырды», - деп атап өтеді «Эйр Астана».

Соңғы жаңалықтар