FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысып, тексеруден кейін қайта ұшты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2026 жылғы 24 қаңтарда FlyArystan әуекомпаниясының Алматы – Орал бағыты бойынша FS7167 рейсі ұшақ құстармен соқтығысты.

FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысып, тексеруден кейін қайта ұшты
Фото: Sолтан Жексенбеков/Kazinform

Ұшақ Орал әуежайына қонған соң, Астанадан инженерлік-техникалық мамандар жіберіліп, ұшақ пен оның компоненттерін толық тексерді.

Компанияның мәліметінше, барлық тексеру аяқталғаннан кейін ұшақ эксплуатацияға рұқсат алып, 25 қаңтарда сағат 01:17-де Орал – Алматы бағыты бойынша қайта ұшып шықты.

Кешіктірілген рейстің жолаушыларына ыстық сусындар мен тамақ берілді, сондай-ақ 33 жолаушы сұраныс бойынша қонақүйге орналастырылды.

– Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі – басты басымдық. Барлық шара авиациялық қауіпсіздік пен техникалық эксплуатация талаптарына сәйкес қатаң орындалды, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан аспанында шетелдік екі ұшақ соқтығыса жаздағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар