17:37, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Ford бас директоры өзінің еңбекақысының үштен бірін қысқартты
МӘСКЕУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Ford Motor бас директоры Алан Мулалли 2009 және 2010 жылдары өзінің еңбекақысын 30 пайыз азайтуға келісімін берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Бұл келісім United Auto Workers автомобиль саласы қызметкерлерінің кәсіподағы Ford Motor Co-мен компания зейнетке шыққан қызметкерлердің медициналық сақтандырылуын төлеу қорын қолдау жөнінде алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін келесі күні жасалды. Зейнетақы қорын қайта қарау ? компанияның АҚШ үкіметінен несие алуының басты шарты болатын. АҚШ Конгресі ұлттық автоөндірушілер «детройт үштігіне» - General Motors, Ford және Chrysler компанияларына несие ретінде 17 млрд. доллар бөлу жоспарын мақұлдады. Бұл қаражат компанияларды қайта құрылымдауға және жоғары технологиялық өндірістерді жолға қоюға жұмсалуы тиіс.