«Формула-1» жарысы Өзбекстанда өтуі мүмкін

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан өз аумағында «Формула-1» жарысының кейбір кезеңдерін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

«Формула-1» жарысы Өзбекстанда өтуі мүмкін
Фото: Азертадж

Бұл туралы белгілі британиялық журналист Джо Сейвард мәлім етті.

Оның айтуынша, Өзбекстан өкілі Сингапурде өткен Гран-приге қатысып, жарыс барысында Ташкентте және елдің өзге де ірі қалаларында «Формула-1» жарысының кейбір кезеңдерін өткізу мүмкіндігін талқылаған.

– Сайыс Таиланд, Оңтүстік Корея және Өзбекстанда өтуі ықтимал. Бұл осы елдерде көлік спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді, - деп мәлім етті Джо Сейвард.

Қоса кетейік, биыл қыркүйекте Әзербайжанда өткен «Формула-1» Гран-приінде Ферстаппен жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар