ForteBank Home Credit Bank-ті сатып алады

АСТАНА. KAZINFORM — «ForteBank» АҚ «Home Credit Bank» АҚ акцияларының 100 пайызын сатып алу туралы келісімге келгенін хабарлады.

ForteBank покупает Home Credit Bank
Коллаж: Kazinform

— Бүгін Home Credit Bank Kazakhstan даму тарихының жаңа тарауы басталып отыр. Банктің Қазақстандағы 20 жылдық қызметі барысында біз миллиондаған қазақстандыққа күнделікті мәселелерін шешуге және үлкен мақсаттарға жетуге көмектесетін тұрақты қаржы институтын құра алдық. Бұл біздің клиенттер үшін маңызды оқиға екеніне сенімдімін, өйткені ол жаңа сапалы қызметтерді құруға және банктің одан әрі өсуіне ықпал етеді, — деп хабарлады «Home Credit Bank» АҚ Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Ол сондай-ақ бұл банктің клиенттер және серіктестермен ағымдағы жұмысына әсер етпейтінін атап өтті, «Home Credit Bank» АҚ клиенттерге әдеттегі режимде және бұрынғы шарттармен қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр — қолданыстағы барлық келісім күшінде қалады және банк міндеттемелері толық көлемде орындалады.

Мәміленің аяқталуы реттеуші органдар, соның ішінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан рұқсат алынған соң күтіліп отыр.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа банк пайда болғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар