Форум: QazaqGaz өзінің газ саласындағы жаңа стратегиясын таныстырады

None
Photo: qazaqgaz.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана халықаралық форумында QazaqGaz компаниясы өзінің газ саласындағы жаңа стратегиясын таныстырады. Бұл туралы аталған компанияның Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі форум аясында QazaqGaz компаниясы өзінің газ саласындағы жаңа стратегиясын таныстырады. Осы орайда бұл саланың тимділігін арттыруға ықпал еткен қадамдарды жариялаймыз. Форумға біраз инфвестор, мұнай мен газ саласындағы трансұлттық компаниялар қатысып жатыр. Жиын барысында стратегия қосатын жаңа идеялар айтылады деп ойдамыз. Биыл жазда бұл стратегияны Мемлекет басшысына таныстырамыз», - деді С. Жаркешев елордада тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, аталған стратегияда QazaqGaz компаниясының қызметінің нақты бағыты бекітіледі.

«Біз газ саласында монополизатор емес, катализатор ретінде қызмет етеміз. Бұл тұрғыда осы нарықтағы басқа да компаниялар газ өндіру көлемін көбейткенін қалаймыз. Ең бастысы, Қазақстанның ресурс базасын кеңінен қамтамасыз етуге бірлесе жұмыс істеуіміз керек. QazaqGaz компаниясы өз алдына нарықты ынталандыру мақсатын қойып отыр», - деді компания басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада 8-9 маусым аралығында «Астана халықаралық форумы» өтеді. Халықаралық іс–шара аса маңызды жаһандық мәселелерді шешуге және еларалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар
telegram