Фототұзақ таутекелердің табиғи ортадағы тіршілігін көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM — Алматы қорығында таутекелердің тіршілігі таспаға түсті.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында орнатылған фототұзақ таутекелердің табиғи ортадағы қызықты сәттерін тіркеді.
Бірі қоректеніп жүрсе, енді бірі өзара ойнап, еркін қозғалып жүр. Адам көзіне жиі түсе бермейтін жабайы жануарлардың тіршілігін осындай кадрлар арқылы жақынырақ тануға болады.
Айта кетелік Жоңғар Алатауында таутекелер фототұзаққа түсіп қалған еді.