14:20, 10 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Франция компаниялары Жерді қашықтан зондтаудың қазақстандық жүйесі арқылы жасалған суреттерді сатып алады
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат -Франция компаниялары Жерді қашықтан зондтаудың қазақстандық жүйесі арқылы жасалған суреттерді сатып алады.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
Агенттік басшысының айтуынша, ғарыштан түсірілген суреттерді сатып алу туралы француз компанияларымен жасалған келісімшарттар, Жерді қашықтан зондтауды құру жөніндегі жобаны ішінара ақтауға кепілдік бола алады. «Ал келешекте бұл жоба өзін-өзі 100 пайызға дейін ақтайды деп отырмыз», - дейді Т. Мұсабаев.
Бұдан бөлек, Қазақстанның тағы бір жобасы - «ҚазСат-2» телекоммуникациялық хабар тарату және мәліметтер беру жүйесі қазірдің өзінде табыс бере бастаған. Бұл осы жер серігінің телекоммуникация компанияларына ресурстарды жалға беру есебінен жүзеге асып жатқан көрінеді.