Франция президенті Н. Саркози «Нұр Отан» партиясының қазақстандық қоғамды демократияландыра түсу жөніндегі жұмыстарына сәттілік тіледі

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Франция Президенті Николя Саркози «Нұр Отан» ХДП партиясының онжылдығымен құттықтап, партияның қазақстандық қоғамды демократияландыру жөніндегі жұмыстарына сәттілік тіледі.
None
None
Бүгін «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезіне мейман ретінде қатысқан Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаты, ЕҚЫҰ жанындағы француз парламенттік делегациясының мүшесі Тьерри Марьяни Президент Н. Саркозидің жеделхатын оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мен «Нұр Отан» партиясына қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыра түсу бағытындағы жұмысын жалғастыруын, барлық мемлекеттерді шарпып отырған экономикалық дағдарыс салдарына қарамастан ішкі, өңірлік және әлемдік тұрақтылықты сақтау бағытындағы шараларын жалғастыруын тілеймін. Мен Қазақстанның Орталық Азия өңірінен алғашқы болып ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық ететініне өте қуаныштымын. Бұл үлкен миссияны атқаруында сәттілік тілеп, осы бағытта қолдау жасайтындықтарымызды айтып өткім келеді», делінген Франция президентінің жеделхатында. Сондай-ақ Н. Саркози жақын болашақта Қазақстанға сапарын жоспарлап отырғанын айтқан. «Мен осы мемлекетпен, оның қарқынды дамуымен, елдің көпұлтты жұртшылығымен, астанасымен танысуға асықпын», делінген жеделхатта.
Соңғы жаңалықтар