Франция Президентінің арнайы өкілі, сенатор Эмери де Монтескью Астанаға сапармен келеді

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Франция Президентінің арнайы өкілі Николя Саркози, сенатор Эмери де Монтескью 17-18 қаңтарда Астанаға сапармен келеді. Бұл туралы «KAZENERGY» қауымдастығынан хабарлады.
None
None

Франция Президентінің арнайы өкілін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, вице-премьерлер Әсет Исекешев және Ербол Орынбаев, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов қабылдайды деп күтілуде.

Сенатор сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылығымен кездеседі және Назарбаев Университетінде болады.

Эмери де Монтескью құрамына Total, GDF Suez, EDF, Schneider Electric, Veolia, Technip компанияларының, Француздың Мұнай және газ институтының, Пьер және Мари Кюри Университетінің, Ұлттық басқару мектебі мен Жоғарғы коммерциялық мектептің өкілдері кірген үлкен делегацияны бастап келеді.

Бұл сапардың мақсаты Қазақстанға технологиялар трнасферттеуге жағдай жасау болып табылады. «KAZENERGY» қауымдастығы француз делегациясының сапарына ақпараттық қолдау көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар