Франция Сыртқы істер министрі Қазақстанға сапарлайды

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус ағымдағы жылдың наурыз айының басында ресми сапармен Қазақстанға келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан және Франция» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуынан кейін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Францияның Қазақстандағы Елшісі Жан-Шарль Бертонэ мәлім етті.

«Келесі жыл - Франциядағы Қазақстан жылы. Елдеріміз арасындағы ықпалдастықтың тарихы 20 жылдан астам уақытты қамтиды. Алда тек мәдени салада ғана емес, сондай-ақ үлкен және ауқымды экономикалық жобалар бойынша ірі жоспарлар бар. Бүгінгі іс-шара және Лоран Фабиустың ағымдағы жылдың 1 наурызындағы сіздердің елдеріңізге сапары екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға ауқымды және жақсы серпін береді деп ойлаймын», - деді Ж.Бертонэ.

Еске салайық, бүгін Астанада «Қазақстан-Франция» халықаралық көрмесі ашылды.

Соңғы жаңалықтар