Францияда президент сайлауындағы үміткерге қатысты тергеу басталды

Тергеу Макронның экономика министрі кезіндегі 2016 жылдың 6 қаңтарында Лас-Вегаста өткен French Tech Night шарасына қатысуына байланысты. Тергеу нұсқасы бойынша, Макрон басқарған министрлік ешқандай тендер өткізбестен сол шараның ұйымдастырылуын Havas компаниясына тапсырған.
Бұған дейін Франция құқық қорғау органдары Франция президенттігіне тағы бір үміткер, «Республикашылар» партиясынан шыққан Франсуа Фийонға қатысты ресми тергеуді бастаған еді. Le Canard Enchaine басылымының жазуынша, 14 наурыз күні оған қаражатты жымқыру және заңсыз иемдену айыптары тағылды.
Сондай-ақ, прокуратура Фийонның әйелі Пенелопаға қатысты тексерісті бастады. Франсуа Фийон парламентте жұмыс істегенде, әйелі сегіз жыл бойы оның көмекшісі ретінде айлық алып отырған. Бірақ, тиісті міндеттерін орындамады деген күдік бар.