Францияда ұшақ қонар кезде ер адамның басын жұлып кете жаздады (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда, Вильнев-де-ла-Рао көлінің жағалауында ұшақ сәл болмағанда дөңгелегімен адамның басын жұлып кете жаздады.
Видео YouTube-ге жарияланып, оны үш күнде 700 мыңнан астам адам тамашалаған.
CL-215 өрт сөндіру ұшағы орман өртін сөндіру үшін су алуға көлге қарай төмендеген, ол адамдар шомылып жатқан жағажай маңында ұшқан.
Темекі шегіп тұрған ер адам ұшақтың жақындап қалғанын байқамай қалған. Аэроплан сәл болмағанда, оның басын жұлып кетер еді.
Куәгерлер егер ер адам сәл сол жаққа қарай тұрмағанда, ажал құшар еді деуде.