Францияда жанармай тағы қымбаттады
БРЮССЕЛЬ.ҚазАқпарат – Францияның жанармай құю станцияларында жанармай бағасы тағы көтеріліп жатыр. 95 маркалы бензиннің литрі тамыз айының басында орта есеппен 1,93 еуроға (947 теңге) жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
Елде дизельдік отын да қымбаттап, 1 литрі 1,83 еуроны (902 теңге) құрады.
Сонымен қатар Францияда шілде айында инфляция деңгейі 2023 жылдың маусым айындағы 4,50 пайыздан 4,30 пайызға төмендеді. Бұл 2022 жылдың ақпанынан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Сарапшылардың пікірінше, инфляцияның төмендеуі елде энергия бағасының төмендеуімен және азық-түлік пен өнеркәсіптік тауарлар бағасының біршама қалыпты өсуімен байланысты.