16:45, 28 Мамыр 2016 | GMT +5
Францияда жеті мыңға жуық жолаушы компьютер ақауына байланысты пойызда түнеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда Париж-Бордо теміржолында жеті мыңға жуық жолаушы компьютерде шыққан ақаулық салдарынан пойыздардың вагондарында түнеуге мәжбүр болды, деп хабарлады BFMTV телеарнасынан.

«Бағыттама құрылғының дабылқаққышы істен шығып, соның салдарынан пойыз бұл аймақтан өте алмады», - деді теміржол басқармасының қызметкері Филипп Моли.
Оқиға салдарынан үш жүрдек пойыз бағытқа шықпады, 13 пойыз стансаларда және жолдарда тұруға әрі қозғалыстың жандануын күтуге мәжбүр.