Францияда жұмыстан кейін қызметкерге мекеменің е-поштасына жауап бермеуіне рұқсат беріледі

Францияда жұмыссыздық соңғы 18 жылдағы жоғарғы деңгейге жетіп, 10 пайыз болды. Жұмыс орнын айырылып қалудан қорыққан жалдамалы жұмысшылар тегін артық жұмыс істеуге құлықты. Тіпті үйіне уақытында кететін қызметкерлер де корпоративтік чаттарда тәулік бойы отырып, іскерлік жазба жүргізуге мәжбүр.
Technologia консалтингтік компанияның деректеріне сәйкес жұмыс істейтін 3 миллионнан астам француздарға қызметтік міндеттерін орындау кезінде артық жүктеме беріледі. Бұл ұдайы күйзеліс салдарынан қызметкерді қалжыратыпп, психологиялық, эмоциялық салмақ түсіреді.
Заң жобасына сәйкес 50-ден астам қызметкері бар компания жарғысында қызметкерлердің жұмыстан келген хатқа жауап беруге міндетті емес сағаттарын (әсіресе кешкі және демалыс уақыттарында) ашып көрсетуі міндеттеледі.